Тамара Асар. «Ренжімеші» (БЕЙНЕБАЯН) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тамара Асар. «Ренжімеші» (БЕЙНЕБАЯН)

10.10.2016
Тамара Асар. «Ренжімеші» (БЕЙНЕБАЯН)

Жаным, маған сөйлемейсің,

Төмен қарап күлімдейсің.

«Кел» демейсің, «Кет» демейсің,

Неге сонша өкпелейсің?

Кінәлап мені тұрғандай,

Көз жанарың суық қандай.

«Ренжімедім» дегенменде,

Көзің айтып тұр ғой бәрін.

 

Қайырмасы:

Ренжімеші, ренжімеші,

Маған қарап күлімдеші.

Қабақ түйіп, төмен қарап,

Көңіліңді түсірмеші.

Көрейінші жанарыңнан

Ай сәулесін жарқыраған.

Көңіліңді жұбатайын,

Жақындашы, жаным, маған.

 

Гүлдей жайнап тұратұғын,

Көздеріңді көре алмадым.

Еркелеттім, көнбедің сен,

Неге екенін біле алмадым?

Кінәм неде, айтшы маған?

Бір сөз айтсам, қайтып алам(ын).

Жүрек, шіркін, қиналды ғой,

Жақындашы, жаным, маған.

Хабарламаларға жазылу