Елімізде өртке қарсы шаралар басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде өртке қарсы шаралар басталды

22.04.2022

Елімізде күн жылынғалы өрт көбейген. Бүгін құзырлы министрлік өкілдері түсініктеме беріп, биыл жүргізілетін өртке қарсы шараларға тоқталды. Олардың айтуынша, ел аумағында жыл сайын 8 орман өрті тіркеледі. Оған басты себеп күннің күрті ысуы, қураған шөп пен өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы. Биыл да аймақтардың көбінде сынап бағанасы 30, оңтүстік аймақтарда 40 градусқа дейін шарықтайды деп күтілуде. Өңірлерде көктемгі дала жұмыстары қарқын алып жатқанда диханшыларға тілсіз жаудың алдын алу шараларын сақтау аса маңызды.

Нұрболат Дербісов, ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы:

Кәсіпкерлер қаржысын үнемдеп, минералды жолақтарды істемейді. Егер де мынау егістік орып жатқан кезде немесе егістік пісіп жатқан кезде ол сарғаяды. Өрт қауіпті болып тұрады. Қандай да болмаса, шыны ыдыстан болсын, болмаса сіріңкеден, болмаса темекі тұқылы түсетін болса, оны біз ұстап тұру мүмкін емес. Біздің өрт сөндіру депосынан келіп, өрт сөндірушілер келемін дегенше қазіргі таңда кептелістен 10-15 минут уақыт алады. 10-15 минутте қанша мың гектар жер кетіп қалады.


Хабарламаларға жазылу