Ақмола облысының Ерейментау ауданында бір үйір жылқының өлексесі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысының Ерейментау ауданында бір үйір жылқының өлексесі табылды

20.04.2022

Бір үйір жылқы суға батып кеткен. Ақмола облысының Ерейментау ауданында былтыр желтоқсан айында жоғалып кеткен жануарлар Қызыл-Сор көлінен табылды. Қыстың басында аудан тұрғыны полицияға 14 жылқысынан айырылып қалғанын хабарлаған еді. Іздеу нәтиже бермеді. Жылқылар көлдің бетінде жүргенде, жұқа мұз шыдамай, жарылып кеткен. Күн жылынып, мұз еріген соң ғана су бетіне шыққан өлекселерін Құқық қорғау органдарының қызметкерлері судан алып шықты. Аталған дерек бойынша қылмыстық құрам болмауына байланысты, сотқа дейінгі іс жабылды.

Гүлнәр Пинчук, Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

Көлден 14 жылқының өлексесі табылды. Шығын көлемі 7 жарым миллион теңге. Иесі жылқыларын таныды. Аталған дерек бойынша қылмыстық құрам болмауына байланысты сотқа дейінгі іс жабылды.

Ермек Елберген


Хабарламаларға жазылу