Ақмола облысында киіктер аштан қырылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында киіктер аштан қырылып жатыр

29.03.2021

Ақмола облысында қалың қардың салдарынан киік қырылып жатыр. Осы уақытқа дейін 88 ақбөкеннің өлексесі табылды. Оның 14 наурыз айының ортасында Қорғалжын ауданында, ал қалғаны соңғы бірнеше күнде Целиноград ауданының аумағында анықталды. Мамандар киіктер аштан қырылып жатыр дейді. Себебі қар қалың болғандықтан тебіндей алмайды. Даладағы ақ ұлпаның қалыңдығы 40-50 саниметр. Қазір қар аршу жұмыстары қолға алынды.

Ермек Елберген


Хабарламаларға жазылу