Ұлттық қордан бөлінетін ақша көлемі артады
Ұлттық қордан алынатын қаражат 1 триллион 630 миллиард теңгеге артып, 4 триллон теңгеден асатын болды. Бүгін Мәжілісте «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң қаралды. Кепілдендірілген трансферт ретінде бөлінген қаржы Президенттің тапсырмасын, Жолдауда жариялаған реформаларды жүзеге асыруға жұмсалмақ.
Берік Көшербай, тілші:
Халықтың табысын арттыру, жаппай жұмыспен қамту, әлеуметтік төлемдерді индекстеу, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – Үкіметтің басты назарында. Қоғамдағы ең өзекті мәселелерді шешу үшін қазынада біраз қаржы қарастырылған. Жыл басынан бері ел экономикасының өсімінде оң серпін байқалып, биыл бюджет кірісі жоспардан сәл жоғары болады деген болжам бар. Дегенмен, осы жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер мен бюджеттік параметрлер болжамын нақтылау керек. Себебі, сыртқы экономикалық, геосаяси және мұнай нарығындағы жағдай өзгерген.
Ерұлан Жамаубаев, ҚР Қаржы министрі:
Бұл қаражаттың өзі жетпей жатыр. Біз салықтық жүктемені, бизнеске, одан ары көтеруді жөн деп санамаймыз. Себебі, қазіргі жағдайда бизнес әрең жұмысын атқарып жатыр. Сондықтан біз осы қаражатты Ұлттық қордан трансферт ретінде алып, депутаттардың алдына ұсындық.
Берік Көшербай, тілші:
Ұлттық қордан алынатын ақша 1 триллион 630 миллиард теңгеге ұлғайып, 4 трлн теңгеден асады. Ұлттық экономика және қаржы министрі бұл ақша қайда және қалай жұмсалатынын Мәжіліс депутаттарына толық баяндады. Депутаттар кейбір министрліктер қаржыны тиімсіз жұмсайтындарын сынға алды. Ақша бөлінбегендіктен өңірде шешімін таппай тұрған өзекті мәселелерге тоқталды. Отырыс соңында 2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет және Ұлттық қордан алынатын трансферт туралы заңды өзгертуді мақұлдады.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оралда өрт шығып, газ ауа қоспасы жарылды
13.12.2025, 20:14
«Саламатты Қазақстан» пойызы 100 мыңға жуық тұрғынға кәсіби қолдау көрсеткен
13.12.2025, 17:59
Алматыда «Жүректен жүрекке» атты фестиваль өтті
13.12.2025, 17:57
Домбыра мен сазсырнай Бельгия мұражайына табысталды
13.12.2025, 17:55
Түркі әлемінің жастары бас қосты
13.12.2025, 17:53
Арал аймағын көгалдандыру жайы өзекті
13.12.2025, 17:52
4,1 трлн теңгеге 62 инвестициялық жоба іске асады
13.12.2025, 17:48
Петропавлда өрт сөндіру бөлімі ашылды
13.12.2025, 17:44