Биыл жоғары оқу орындарына 73 мың, колледждерге 31 мың грант бөлінеді - министр
Биыл жоғары оқу орындарына 73 мың, колледждерге 31 мың грант бөлінеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Президент тапсырмасымен техникалық мамандықтарға грант үлесі 40 пайыздан 60 пайызға дейін көбейеді. Колледждерге бөлінетін 31 мың гранттың 70 пайызы техникалық мамандықтарға беріледі. Орта арнаулы оқу орындарына түсу үшін емтихандар болмайды. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға арнайы квота беріледі. Талапкер тиісті грантты жеңіп алғаннан кейін, колледжге таңдау жасайды. Жалпы соңғы жылдары жоғары оқу орындарына берілетін грант саны екі есе артқан. Шәкіртақы да өсті. Сонымен қатар, Ұлттық бірыңғай тестілеу цифрлық форматқа көшіріліп, жылына 4 рет тапсыруға мүмкіндік туды, деді ведомство басшысы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03