«Омбы-Майқапшағай» тас жолының «Қалбатау-Майқапшағай» бөлігі құрлысы басталып, аяқсыз қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Омбы-Майқапшағай» тас жолының «Қалбатау-Майқапшағай» бөлігі құрлысы басталып, аяқсыз қалған

18.04.2022

Үкіметтің қыруар қаржысын талан-таражға салғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылсын! Шығыс Қазақстандықтар арнамыздың тілшілеріне осындай талаптарын жеткізді. Құрылысы 2017 жылдан бері созылып келе жатқан «Омбы-Майқапшағай» тас жолы әлі аяқталмаған. Қазір осы жолмен төрт ауданның тұрғындары қатынайды. Жол азабын көріп жүргендермен өңірдегі тілшіміз Ержан жақып тілдесіп келген еді

Ержан Жақып, тілші:

«Омбы-Майқапшағай» тас жолының «Қалбатау-Майқапшағай» бөлігі құрлысы басталып, осылай аяқсыз қалған. Қазір ойқыш-ұйқыш жолдың жазда шаңы аспанға көтеріліп, жауын-шашын мен көктемде ми батпақ болып езіліп жатады.

Зайсан, Тарбағатай-Көкпекті-Жарма аудандарында тұратын 150 мыңнан астам тұрғынның тіршілігі осы жолға байланған. Оған қоса бұл бағыт арқылы Қытаймен қарым-қатынас жасалады. Құрлысы 2017 жылы басталып, жоспарға сай биыл жазда аяқталуы тиіс еді. Алайда, 415 шақырым жолдың 29 проценті ғана жөнделген. Әбден титықтаған жұрт бөлінген қыруар қаржыны іс басындағылар қолды қылған-деп отыр. Тексеріп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды сұрайды.

Қайдар Шайзадинов, Көкпекті ауылының тұрғыны:

Мұнда қылмыс құрамы бар деп ойлаймын. Ақша қайда кетті? Соны тексеру керек қой. Облыстық акиматтан бір кісі келіп түсіндіріп айтпады ғой. Құрғақ сөз бәрінікі. Мына жолмен жүру мүмкін емес! Жалпақ джиппен жүретін миллионерлер шыдайтын шығар. Мына қара халыққа өте қиын болып тұр.

Санат Қарымсақ, Көкпекті ауылының тұрғыны:

Халық қатты қиналып жүр. Өздеріңіз көріп тұрсыздар. Мына сары батпақтан басқа ештеңе жоқ қой. Шұңқыр, сары батпақ болды. Бір грамм жол жоқ.

Тас жолды жөндеу үшін 157 миллиард теңге бөлінген. Оның 86 миллиардын мердігер мекемелер алдын-ала алыпты. Бірақ, сол қаржыға лайықты жұмыс жасалмаған. Тапсырыс беруші «Қазавтожол» компаниясындағылар, «Жұмыс жүріп жатыр, жолды аяқтаймыз. Алайда қымбатшылық қолды бөгеді», деген жауап айтты.

Асылбек Нұғманов, «Қазавтожол» ҰК ШҚО филиалының басшысы:

Құрлыс материалдың көбісі бағасы қымбаттап кетті. Темір,цемент, битум. Сондай материалдар қымбаттағаннан кейін мердігерлерге қиыншылық түсіруде. Жалғастырып, жиырма үште бұйырса бітіреміз-деп отырмыз.

Жергілікті жұрт наразы болғандықтан, жақында жағдайды көруге Парламент сенатының депуттатары да барған. Биыл тапсырылуы тиіс тас жолды көріп, жағаларын ұстаған. Енді олар да тиісті органдардан осы күнге дейін жұмсалған қаржының қайда кеткендігін тексеріп, заң бұзған лауазымды тұлғаларды жауапқа тартуды талап етіп отыр.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу