Абай облысындағы күре жолдың құрылысы қайта жанданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысындағы күре жолдың құрылысы қайта жанданды

20.07.2022

Абай облысындағы «Қалбатау-Майқапшағай» және «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» бағытындағы республикалық жолдарда құрылыс қайта жанданды. «Қазавтожол» ұлттық компаниясы» өкілдерінің айтуынша, биыл «Қалбатау-Майқапшағай» жолының 250, «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» жолының 100 шақырымына асфальт төселеді. Екі жолдың да құрылысы 2023 жылы толық аяқталады деген үміт бар. Жұмыс қарқынын арттыру үшін мердігер компаниялардың негізгі кеңсесі Көкпекті мен Аягөзге көшіріледі.

Мейірхат Қасымбаев, «Қазавтожол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы:

Осы жолдарды толықтай қытай компанияларының құзырына бердік. Келесі жылдың соңына дейін халыққа пайдалануға беруі тиіс. Оны өзіміз жан-жақты қадағалап отырамыз. Халықты бір сұрақ толғандырады, неге қытай компаниялары деген. Оларды ауыстырып жолды қайтадан бастауға болар еді. Бірақ біз тағы да екі жарым-үш жыл уақыт жоғалтамыз.


Хабарламаларға жазылу