Алматыда киіз үйден қонақүй жасалмақшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда киіз үйден қонақүй жасалмақшы

04.01.2014
Алматыда киіз үйден қонақүй жасалмақшы
Алматылық кәсіпкер Едіге Ибрайымов қазақтың киіз үйін жаңа технологиялармен жабдықтап, экологиялық тұрғыдан таза, әрі арзан қонақүйлерге айналдыруды мақсат етеді. Ол  киіз үйді шетелдік туристерді тартатын табыс көзі деп біледі. «Қазақ үй» деп аталатын бұл қонақүй кешені бұрынғыдай киізбен жабылмайды. Кешенді жаңа технологиялар бойынша жабдықтаймыз» дейді ол.
 
Оның жобасына қарағанда, жаңаша киіз үйде күн энергиясынан электр қуатын өндіретін шағын станция, байланыс пен компьютер желісі, басқару және қауіпсіздік жүйесі, ауа температурасын реттеу құралдары болады. Ол киіз үйлерден құралған қонақ үйлер кешенін Омбы–Майқапшағай, Алматы–Өскемен тас жолдары бойына орналастыруды көздеп отыр.
 
Кәсіпкер киіз үйді жаңаша жасайтын өндіріс орнын Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданына қарасты Қалбатау ауылында ашпақ, деп жазады azattyq.org.

Хабарламаларға жазылу