Алматыда ақылы автотұрақтар операторының басшысы 2 айға қамауға алынды
Марат Пірінбеков «Алматы спецтехпаркинг сервис» серіктестігінін 2016 жылдан бері басқарып келген.
Жазира Оразқызы, тілші:Алматы сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу сотының қаулысы бойынша соталды тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылған. Сот «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры Пірінбековке қатысты бұрын таңдалған 2 ай мерзімге, яғни, 2022 жылдың 15 маусымына дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Бұл компания мегаполистегі ақылы автотұрақтарды қадағалайды және қалалық айыптұрағына жауапты. Естеріңізде болса, өткен апта ғана қала бойынша 12 мың тұрақты қамтитын «Alan Parking» компаниясының директоры Мұхтар Базарбаев та екі айға қамауға алынған еді. Aparking бірыңғай операторы «Алматы Спецтехпаркинг Сервис» ЖШС-ға қарайды. Ал Алматы қаласы бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті «Алматы тұрағы», яғни, «A-Parking» жобасына жауапты тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен соталды тергеу басталғанын хабарлаған.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан мен АҚШ 17 млрд долларлық ірі келісімдерге қол қойды
08.11.2025, 17:47
Алматыда «Заң және тәртіп» жобасы аясында «Құқықтық дәріхана» шарасы ұйымдастырылды
08.11.2025, 17:15
Шетелдік сарапшылар: АҚШ пен Орталық Азия қарым-қатынастың жаңа дәуірін бастады
08.11.2025, 17:15
Степногорск қаласының дәрігерлері отаны қарапайым палаталарда жасауға мәжбүр
08.11.2025, 17:12
Қазақстан - Дональд Трамптың екінші мерзімінде Ибраһим келісіміне қосылған алғашқы мемлекет
08.11.2025, 17:11
Павлодарда құрылыста 58 жастағы азамат қайтыс болды
08.11.2025, 17:10
АҚШ пен Орталық Азия арасында жаңа кезең басталды
08.11.2025, 17:10
Қазақы тазы аңшылық сынақтан өтті
08.11.2025, 17:07