«Astana Ballet» халықаралық фестивальге қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Astana Ballet» халықаралық фестивальге қатысады

23.07.2014
«Astana Ballet» халықаралық фестивальге қатысады

«Astana Ballet» хореографиялық би ұжымы Санкт-Петербургте өтетін халықаралық фестивальге қатысады. «Ақ түндердің жұлдызы» деп аталатын концертке әлемнің түкпір-түкпірінен бишілер келеді.

22-ші музыка фестивалінде «Astana Ballet» «Әлем» атты бір актілі қойылымын ұсынады. Бұл - жас ұжымның халықаралық дәрежедегі фестивальге алғаш қатысуы.

Бір жыл ішінде өнерлері жоғары бағаланған топ әлемдік шарада ойдағыдай өнер көрсететіндеріне сенімді. Қазір «Astana Ballet» репертуарында 50-ден астам би бар. Оның екеуі - спектакль.

Би ұжымы бұған дейін гастрольдік сапармен Қытайдың Бейжің және Шанхай қалаларында болды. Алдағы уақытта Еуропаны араламақ. 

Айгүл Тати, «Аstana Вallet» би ұжымының бас балетмейстері:

Бізге Мариинский театрының сахнасында өнер көрсету - үлкен мәртебе және сын. Балаларға тәжірибе болады. Олар өнер тарландарын көріп, олардың тәжірибесін алады және өнерлерін көрсетеді.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ 

 

Хабарламаларға жазылу