«Astana Ballet» театрының еуропалық турнесі аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Astana Ballet» театрының еуропалық турнесі аяқталды

03.10.2014
«Astana Ballet» театрының еуропалық турнесі аяқталды

Еуропалық көрерменнің ыстық ықыласына бөленген «Astana Ballet» хореографиялық ұжымы Мәскеу қаласында да сәтті өнер көрсетті. Жерлестеріміз Ресей астанасында әлемдік үрдіс пен қазақ мәдениетін бір арнаға тоғыстырған «Әлем» атты бірактілі балетті қойды.  

Қазіргі заманғы балеттің алуан түрін тамашалаған еуропалық жұртшылықты, бұрыннан бар дүниемен таңғалдыру мүмкін емес. Сондықтан «Astana Ballet»  ұжымы «Әлем» атты бірактілі балетте қазақтың дәстүрлі би өнері мен заманауи хореографияны сәтті үйлестірді. Бұдан бөлек, 3D форматындағы көріністер мен сахнадағы жарықтың өзі сауатты қойылған.  

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

 

 

Хабарламаларға жазылу