Шу ауданында үстел теннисінен республикалық турнир басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шу ауданында үстел теннисінен республикалық турнир басталды

16.04.2022

Жамбыл облысы Шу ауданында жасөспірімдер арасында үстел теннисінен республикалық ашық турнир басталды. Екі күн бойы өтетін додада еліміздегі 13 өңірден келген 200-дей жас спортшы бақ сынасады. Аталған турнир футболдан Қазақстан Чемпионатында Шу құрамасы қатарында өнер көрсеткен қола жүлдегері Мұрат Бисеитовке арналып ұйымдастырылды. Спорттық шараға қатысқан жетікіншектер жарыста жоғары нәтижелерге жететініне үмітті.

Нұрислам Мұхамеджан, турнирге қатысушы: 
Менің тенниске қатысқаныма екі жыл болды. Мен Жамбыл облысында Тараз қаласында екінші орын күміс жүлдегерімін. Осы Шу қаласына келіп тұрмын. Осы Шуда қызық ойын болып жатыр. Барлық ойыншыларға сәттілік тілеймін.


Хабарламаларға жазылу