Қарағандыда роуп-джампингте көз жұмған 33 жастағы әйелдің өліміне қатысты алғашқы сот отырысы болды. Қылмыстық іс Қазыбек би аудандық сотында қаралып жатыр. Күдікті ретінде 32 жастағы аттракцион нұсқаушысынан жауап алынуда. Оған қылмыстық кодекстің 306-бабы 3-бөлігі, яғни «абайсызда адам өліміне әкелген қызмет көрсету бабы бойынша айып тағылған. Сотталушының қорғаушысы істі прокурорға қайтару туралы өтініш білдірді. Ол сотталушы роупджампингтің ұйымдастырушысы емес екенін, сонымен қатар онда мүлде жұмыс істемегенін алға тартып отыр. Сондай-ақ, адвокат бұл істі 104-бап, яғни «абайсызда өліміне душар ету» деген тармақпен қарауы тиіс деп есептейді. Алайда, марқұмның жақындары мұнымен мүлде келіспей отыр.
Александр Ткаченко, марқұмның күйеуі:Ол кінәлі. Бейнежазбадан оның құрал-жабдықтың дұрыстығына көз жеткізбей, «секіруге» бұйрық бергенін анық естисіз. Біз өтінішпен келіспейміз. Ол жай ғана жауапкершілікті өзінен аударып тастамақшы.
Руслан Нұрланұлы