Павлодарда Италия фотосурешілерінің көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда Италия фотосурешілерінің көрмесі ашылды

23.07.2014
Павлодарда Италия фотосурешілерінің көрмесі ашылды

 Павлодарда Италия фотосуретшілерінің көрмесі өтуде. Шараны өткізуге шетелдік тарап ұсыныс білдірген.Олар 150-ге жуық фотошебердің туындыларын әкелді.

Фотосуреттердің арасында атақты Серджо Сартори, Антонио Бардин, Моника Де Мас, Карло Сеттелердің ең үздік еңбектері бар.

Айталық, Италиядағы бес ғасырлық тарихы бар ерлер монастырін кезінде мұражайға айналдыру жоспары болған.

Алайда, Пьеранжело Баджо мұны драмалық тұрғыдан шебер көрсете білді. Нәтижесінде монастырь сақталып қалды. Қазір әлем туристерінің жиі баратын орнына айналды.

Көрмеде Венетто, Бурано қалаларындағы сәулетті ғимараттарды көруге болады. Сонымен қатар, адамдардың өмірі, өңірдің табиғатымен танысуға болады.

Татьяна Алексеенко, «Italiano» көрмесінің ұйымдастырушысы:

Келесі жылы павлодарлық фотосуретшілерді Италияға шақырамыз. Мен өзім Қазақстанда фототілші болып жұмыс істегенмін. Бұл жақта талантты адамдар өте көп. Ал, Италияда өнерді қатты бағалайды. Сондықтан, жеке өнер туындылары арқылы Қазақстан мен Италия арасындағы мәдени ықпалдастық дамиды деген сенімдемін.

Болат АМАНБАЕВ      

Хабарламаларға жазылу