Қарағандыда арыққа батып кеткен 9 жастағы бала өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Еске салсақ 3-і сәуірде Қарағандыда ойнап жүрген балалардың бірі ашық арыққа батып кеткен болатын. Қайғылы оқиға қаланың Сұрыптау станциясында болды. Шақырудан бір сағат өткен соң құтқарушылар 2012 жылы туған баланың денесін каналдан алып шықты.
Бақытжан Құдияров, облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:
ҚР қылмыстық кодекстің 306-бабы 3-бөлігі «абайсызда адам өліміне әкеп соққан, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қостанайда құны 14 млрд теңгеден асатын технологиялық өндірістік кешен ашылады
16.08.2026, 19:56
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08