Бұл туралы Ұлттық экономика министрі айтты. Әлібек Қуантыровтың сөзінше, белгілі бір уақыт аралығын алып қараған кезде ғана елден заңсыз шығарылған капиталдың нақты көлемі анықталады. Бірақ бұл жерде ондаған миллиард доллар жайында сөз болып отыр. Ақшаны елге қайтаруда түрлі механизмдер бар. Мысалы салықтық ынталандыру бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр. Бірінші бағыт - капиталды сыртқа заңсыз шығарудың жолын кесу болып саналады. Мысалы, салықтық шараның бірі – инвестор төлемеген дивидендтің жеңілдіктерін алып тастай аламыз деді ведомства басшысы. Сондай-ақ қазір салық кодексіне өзгертулер енгізу қарастырылып жатыр. Еске салайық, мемлекет басшысы бұған дейін шетелге заңсыз шығарылған капиталды елге қайтаруды тапсырған болатын.
Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министріМысалы тікелей шетелдік инвестиция тартуды айтсақ, 30 жылда 400 млрд доллардан астам қаражат тартылған. Бұл жерде де осындай тәсілмен қарау керек. 1 млрд доллар ғана емес екені түсінікті. Нақты сомасын айту қиын әрине. Бірақ елден заңсыз шығарылған капитал шамамен 100 млрд доллардан асуы мүмкін.
Саламат Омаш