Арнайы операция: Түрлі қару сақталған 100-ден астам жер анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арнайы операция: Түрлі қару сақталған 100-ден астам жер анықталды

14.04.2022

Ел аумағында жүргізілген арнайы операция мен жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде қару-жарақ сақталған жүзден астам орын анықталды. Қару сақтауға қатысы бар 1000-ға жуық адам ұсталып, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалуда. Полиция департаментінің мамандары ұсталғандардың көпшілігі деструктивті ағымдарды жақтаушылар мен ауыр қылмыстарға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелері дейді. Олардың арасында қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысқан күдіктілер де бар. Оларды тінту кезінде 1363 мылтық мен тағы басқа суық қарулар табылған.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу