Алматы облысында антитеррористік операциялар барысында 700-ден астам адам ұсталды
Алматы облысында антитеррористік операциялар барысында 700-ден астам адам ұсталды. 65 қылмыстық іс қозғалып 60-тан астам күдікті уақытша қамау изоляторына тоғытылды. Олардан 100-ден астам қару тәркіленді. Атап айтқанда, 70-ке жуық Макаров тапаншасы, 8 автомат, 7 травматикалық қару мен 10-нан астам аңшы мылтығы табылды. Өңірде лаңкестерге қарсы жедел әрекеттер жалғасып жатыр. Айта кету керек облыс аумағында комменданттық сағат мерзімі қысқарды. Осы уақытқа дейін бұл аймақта комменданттық режим кешкі сегізден басталып жүрді. Бұдан былай шектеулер Президент бекіткен түңгі 23.00-ден таңғы 7-ге дейін жалғасады. Облыс комменданты Серік Күдебаев тұрғындарға әлі де болса түсіністік танытып, себепсіз көшеге шықпауын өтінуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы басталды
18.04.2026, 20:05
Қызылордада инновациялық жобалар байқауы өтті
18.04.2026, 20:05
«Таза Қазақстан» акциясы аясында әке мен бала ағаш отырғызды
18.04.2026, 20:04
«Mamma Mia!» музыкалық спектаклі өтті
18.04.2026, 20:04
Ақтауда «Тегін заң көмегі» акциясы өтті
18.04.2026, 20:04
Қажылық сапар ұйымдастырамын деп 7,4 млн теңгені жымқырған ер адам сотталды
18.04.2026, 20:04
Ормұз бұғазы қайта жабылды
18.04.2026, 20:04
Трамп НАТО-ны сынға алды
18.04.2026, 20:04