Семейде үй қымбаттап, жалдамалы пәтер ақысы өсіп кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде үй қымбаттап, жалдамалы пәтер ақысы өсіп кеткен

12.04.2022

Семейдегі пәтер құны елордадағы баспана бағасын басып озды. Жылжымайтын мүлік агенттігі өкілдері соңғы бір айдың өзінде шаһарда тұрғын үйдің айтарлықтай қымбаттағанын айтады. Оған қаланың облыс орталығы болатындығы себеп дейді. Оған қоса жалдамалы баспана мен, кеңселердің де ақысы аспандап тұр.

Баспана бағасының күрт өскенін тұрғындар да бірден сезінген. Аз ғана уақыт ішінде мың емес, миллиондап қосылды, дейді. Жылжымайтын мүлік агенттігінің мамандары жарты жылда баспана бағасы кем дегенде 15 пайызға қымбаттағандығын айтуда.

Валентин Осинцев, сату бөлімінің менеджері:

«Облыс болады»- деп жариялаған күнен бастап баға өзгерді. Сол күні пәтер саудасына қатысты келісімнен бас тартқандар көбейді. Баспана сатушылардың көбі, бағаны қайта қарастыратындықтарын айтып келісім-шарттан бас тартты. Пәтер құнын бастапқыдан қымбат қылатындарын айтып, кейбірі баға белгіленгенше сатуды доғаратындықтарын жеткізді.

Экономистер бағаның тұрақсыз болуына бірнеше фактор әсер еткенін айтады. Ең бастысы Ресей мен Украина арасындағы соғыстың салдарынан, доллардың құбылуы. Халықтың зейнетақы қорындағы шекті деңгейден асатын бөлігін тұрғын үй алуға пайдалануы да қымбатшылыққа себеп болған.

Биболат Қуантқанұлы, экономист:

Орталық болғаннан кейін адамдар шоғырланады қалаға. Сондықтан әрине сол жерде бағаның өсуі пайда болады. 50-60 жылдардағы ескі үйлерді бұзып, орнынан жаң үй салуымыз керек. Ол бірінші мәселе. Екінші мәселе Қазақстан бойынша құрлыс материалдарын шығаратын өндіріс орындарды қолдауымыз керек.

Семейде 50-ші, 60-шы жылдары салынған, банк кепілдігіне жатпайтын үйлер тым көп. Қазір оларды, жаңасына ауыстыру үшін, тұрғындар жаппай сатуға тырысуда. Ал, ала қоятын жаңа пәтердің де саны шектеулі. Ол да жаңа үйлердің бағасының өсуіне әкелген, дейді мамандар. Оның үстіне жергілікті құрлыс компаниялары арасында бәсекелік те жоқ.

Ержан Жақып, тілші:

Салыстырмалы түрде сайттағы бағаны қарап көрсек. Мысалы Нұр-Сұлтан қаласында аумағы 57 шаршы метр болтаны екі бөлмелі жаңа пәтердің құны, 26 миллион, 164 мың тегеден сәл ғана асады. Ал Семейде осыдан 32 жыл бұрын салынған, екі бөлмелі, аумағы 51 шаршы метр болатын үйдің өзі 35 миллион теңгеден сатылымда тұр.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу