Президент Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын қабылдады

16.05.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын қабылдады. Президент бұл кездесу сыртқы және ішкі сын-қатерлер мен қауіптің алдын алу үшін күш-жігер біріктіретін тиімді алаңға айналуы керек екенін айтты. Мемлекет басшысы елдер арасындағы қарым-қатынас жан-жақты дамып келе жатқанына да тоқталды. Мәселен, соңғы 5 жылда өңірішілік сауда-саттық 80 пайызға өсіп, 10 миллиард доллардан асқан. Мәдени-рухани байланыстар да нығайып келеді. Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінгі басқосу Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алтыншы Консультативтік кездесуіне дайындықтың маңызды кезеңі саналады. Ол жиын 9 тамызда Астанада өтеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Елдеріміз арасындағы қатынастардың ерекше сипаты Орталық Азияны ХХІ ғасырда дамытуды көздейтін достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартта бекітілген. Бұл құжат стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтереді. Осы тарихи шартқа қол қою рәсімінің аяқталуы және оның күшіне енуі Астанадағы саммиттің басты нәтижесінің бірі болар еді деп санаймын.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу