Елімізде жалдамалы пәтерлердің ақысы қымбаттап барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жалдамалы пәтерлердің ақысы қымбаттап барады

31.01.2022

Елімізде жалдамалы пәтерлердің ақысы қымбаттап барады. Energy Prom орталығының зерттеуіне сәйкес, Қазақстан қымбатшылық жағынан 107 елдің ішінде 82-орында. Жалдау ақысы бір жылда 17,5 пайызға өскен. Ал Алматыда баға 40, Оралда 32, Шымкентте 31, Нұр-Сұлтанда 26 процентке шарықтаған. Қазір елордада бір бөлмелі пәтерді жалдаудың орташа құны 160 мың теңге. Пәтерақының қымбаттауын сарапшылар сұраныстың артумен байланыстырып отыр.


Хабарламаларға жазылу