Шанхайда 25 мыңнан астам вирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шанхайда 25 мыңнан астам вирус жұқтырған

11.04.2022

Қытайдың Шанхай қаласында коронавирус жұқтырғандар саны күн сайын артып барады. Өткен тәулікте індет 25 мыңнан астам тұрғыннан анықталды. Олардың барлығында ковид симптомсыз өтіп жатыр. Науқастар санының артуына қарамастан, Шанхай әкімшілігі бүгін локдаун ережелерін жеңілдете бастайды. Бұған сай, тұрғындар үш категорияға бөлінеді де, вирус жұқтырмаған адамдардың қозғалысына шектеу мүлдем алынып тасталады.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу