Коронавируске байланысты Қытайда жаңа жыл тойланбайды

24.01.2020
Коронавируске байланысты Қытайда жаңа жыл тойланбайды
Коронавирустан көз жұмғандар саны 25-ке жетті. Қауіпті вирусты жұқтырғандарсаны 830-ға өскен. Вирус белгілері АҚШ, Тайланд, Оңтүстік Корея, Вьетнам, Сауда Арабиясында тіркелген. Сондай-ақ, 117 науқастың жағдайы ауыр. 8 мыңнан астам адам вирус жұқтырған болуы мүмкін деген күдікпен бақылауға алынды.
Естеріңізге сала кетейік, сәрсенбі күні Ухань қаласы жабылған. Бейсенбі күні Хубей провинциясының тағы бір қаласы Хубей қаласынан да кіріп-шығуға тыйым салынды. Сондай-ақ, Эчжоу қаласының вокзалы, Сяньтао мен Чиби қалаларының қоғамдық көлік қозғалысы шектелді. 
Қазіргі таңда Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы қауіпті вирусқа байланысты төтенше жағдай жариялану керек пе деген мәселені талқылауда.  
Сондай-ақ, билік 25 қаңтардағы жаңа жылды тойламау туралы шешім қабылдап отыр. Өйткені, бұл вирустың кеңінен таралуына әсерін тигізуі мүмкін. 
bbc.com

Хабарламаларға жазылу