Қытай Шанхайға 10 мыңнан астам дәрігер жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай Шанхайға 10 мыңнан астам дәрігер жіберді

05.04.2022

Қытай елдің түкпір-түкпірінен Шанхайға 10 мыңнан астам медицина қызметкерін жөнелтті. Солардың 2 мыңдайы – әскери дәрігерлер. Бұл миссияның мақсаты – алып мегаополисте коронавирус инфекциясының өршуін тоқтату.

Дүйсенбі күні Қытайда 13 мыңнан астам ковид инфекциясын жұқтыру оқиғасы тіркелген. Соның 9 мыңдайы 25 млн халқы бар Шанхайда анықталып отыр.

Айта кетсек, жақында жергілікті үкімет пандемияны тоқтату үшін Шанхайда қайта карантин жариялауға мәжбүр болды.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу