«Жаңа толқын-2014» байқауына Қазақстан атынан Әлішер Кәрімов қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жаңа толқын-2014» байқауына Қазақстан атынан Әлішер Кәрімов қатысады

21.04.2014
«Жаңа толқын-2014» байқауына Қазақстан атынан Әлішер Кәрімов қатысады

Мәскеуде өткен жартылай финалда «Памяти Карузо» композициясы және өзінің «Жанымдасың» атты әнімен шыққан Әлішер Кәрімов келесі кезеңге өтті. Енді әнші 2014 жылдың 22-27 шілде аралығында Юрмалада өтетін «Жаңа толқын» байқауының қорытынды кезеңіне дайындалуда.  

Айта кету керек, Әлішер Кәрімов - «SuperStarKZ» байқауының финалисі, «Славянский базар» фестивалінің үшінші орын иегері, сондай-ақ, «Ереван зовет» конкурсының үшінші орын иегері.  

«Жаңа толқын» байқауында Қазақстан атынан қатысу құқығына биыл «Juniors», «V-Alem» топтары, «Хочу в ВИА Гру» шоуының қатысушысы Анастасия Россошанская және әнші Зайнаб таласқан еді.  

Еске сала кетейік, 2013 жылы Қазақстан атынан «Жаңа толқын» байқауына жас әнші ADAM қатысып, бесінші орын алған болатын.


 

Хабарламаларға жазылу