НАТО Украинаға көмек мәселесін талқылайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

НАТО Украинаға көмек мәселесін талқылайды

06.04.2022

НАТО елдерінің сыртқы істер министрлері Брюссельде бас қосып, Украинаға көмектесу мәселесін талқылайды. Жиын екі күн бойы өтеді. Келіссөзге қатысушылардың мәлімдеуінше, Украинада әскери қақтығыстардың екінші кезеңі басталып, онда Мәскеу Ресейден Қырымға құрлықтық дәліз ашу үшін Донбассты толық алуға күш салмақ.

Солтүстікатлантикалық альянс ескерткендей, ол осындай жағдайда Украинаға әскери жәрдем бергенімен, оған жауынгерлері мен ұшақтарын аттандырмайды.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу