НАТО Ауғанстан мәселесін талқылайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

НАТО Ауғанстан мәселесін талқылайды

12.07.2018

Бүгін Брюссельде НАТО саммитінің соңғы күні. Онда осы альянсқа мүше 29 елдің басшылары Трамптың қорғаныс бюджетін арттыру ұсынысын жыйып қойып, басты назарды Ауғанстан мәселесіне аударады. Дәлірек айтсақ, солтүстікатлантикалық одақ мемлекеттерінің лидерлері Ауғанстанда ұзаққа созылған соғысты аяқтау жолдарын қарастырады.

НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг Ауғанстан қауіпсіздік күштерін қолдауға 2024 жылға дейін жыл сайын 1 миллиард доллар бөлуді үндеді. Ал, британ премьері Тереза Мэй Ауғанстан әскерін жаттықтыруға 440 қызметкер жібермек.

АҚШ президенті Дональд Трамп болса, НАТО елдерін осы ұйымның бюджетін 4 пайызға өсіруді шақырып отыр. Алайда, альянстың кейбір мемлекеттері ортақ қорғанысқа ұлттық табысының 2 пайызын да бөле алмай келеді.

Тағы бір айта кететін жайт, саммитте Македонияға НАТО-ға 30-шы мүше болып кіру туралы келіссөздерді бастау жөнінде ұсыныс жасалды.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу