Қарағандылық жігіт итті құтқару үшін мұз қатқан Көлсай көліне секірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандылық жігіт итті құтқару үшін мұз қатқан Көлсай көліне секірді

04.04.2022

Қарағандылық жігіт суға батып бара жатқан итті құтқару үшін мұз қатқан Көлсай көліне секірді.

Оның жануарды сыртқа алып шыққан видеосы кеңінен тарап, көпшіліктің ықыласына бөленді. Алматыға еңбек демалысына келген азамат Қарағандыдағы жедел жәрдем қызметінде фельдшер болып жұмыс істейді. Айтуынша, өзі құтқарған иттің иесін іздеуге мұршасы болмапты. Көлсайға турмен келгендіктен уақыт тығыз болды дейді. Бір қызығы осы оқиғадан кейін әлеуметтік желіде жігітті пневмониямен ауырып, ауруханада жатыр деген жалған ақпар таратып, көмек үшін есеп-шот ашқандар болған. Ол өзінің ісін батырлық деп санамайды. Жануарларға бейжай қарамайтын кез келген адам осылай істер еді деген ойда.

Нұрсұлтан Тілектесов

Хабарламаларға жазылу