Балқаштық хоккейшілер мұз қатқан көл бетінде жаттығып жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балқаштық хоккейшілер мұз қатқан көл бетінде жаттығып жүр

28.01.2022

Балқаштық хоккейшілер көл бетіне қатқан мұздың үстінде жаттығып жүр. Өйткені қаладағы «Металлург» стадионын сенімгерлік басқаруға алған кәсіпкер мұз жабындысын дайындамаған.

«Бертіс» әуесқой хоккей клубының мүшелері қазір көлдің бетінде жаттығуларын жалғастыруда. Тіпті олар азынаған желде көк мұздың үстіндегі қарды өз күштерімен тазалайды. Айтуларынша, жылда жаттығатын орталық стадиондағы мұз кортына спортшылар кіре алмаған. Салдарынан жаттығатын жер таппай қатқан көл бетінде ойнауға мәжбүр. Қазір жергілкті билік мәселені шешумен айналысуда.

Дәлелбек Нұрбек, Балқаш қалалық Спорт бөлімінің қызметкері:

Мұз жамылғысының сапасы қанағаттанарлықсыз жағдайда. Осыған байланысты хоккей командасы үшін жаттығу процесін сапалы өткізуге мүмкіндік жоқ. Баяндалғанды ескере отырып сенімгерлікпен басқарушыға мұз жабындысын ретке келтіру және жаппай сырғанау үшін жағдай жасау мен хоккейден жаттығулар үшін жағдай жасау тапсырылды.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу