Қанат Бозымбаев Жетісу және Алматы облыстарының қалай бөлінетінін айтты
Алматы облыстық Мәслихаты Президенттің Жетісу облысын құру туралы бастамасын бірауыздан қолдады. 25 жыл бұрын екі аймақ біріктірілгенге дейінгі әкімшілік аумақтар сақталады. Жаңадан құрылатын Жетісу облысында бұрынғы Талдықорған облысы құрамында болған елдімекендер қалады. Яғни 8 аудан мен 2 қала. Алматы облысының құрамында 9 аудан 1 қала болады. Қазір Мемлекет басшысының әкімшілік-аумақтық құрылым туралы Жарлығын қабылдау жөніндегі іс-қимыл алгоритмі әзірленді. Облысты бөлу жөніндегі жұмыс комиссиясы құрылды.
Болатжан Нұрбеков, Алматы облыстық мәслихатының депутаты:Бұл Жетісу өңірі ауылшаруашылығы өндірісінің орталығы болғаны бәрімізге белгілі. Сондықтан да ауылшаруашылығы саласының дамуына үлкен мүмкіндік береді деп сенеміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының осы Жетісу облысын құру туралы бастамасын депутат ретінде қолдаймын.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
HackAlem AI қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты
24.09.2026, 09:43
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18