Парламент Сенатынан шығып қалған депутат: Орталық сайлау комиссиясының көшпелі отырысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парламент Сенатынан шығып қалған депутат: Орталық сайлау комиссиясының көшпелі отырысы

01.04.2022

Алматы облысында 22 сәуір күні Парламент Сенатынан шығып қалған депутаттың орнына сайлау өтеді. Талдықорғанда өткен Орталық сайлау комиссиясының көшпелі отырысында осы науқанға байланысты мәселелер қаралды. Жиналғандар ең алдымен сайлауды өткізу жөніндегі негізгі шаралардың жоспарын бекітті. Жалпы өңірде кандидаттарды ұсыну процесі 23 ақпан мен 22 наурыз аралығында жүрді. Ал оларды тіркеу 1 сәуір күні 18:00-де аяқталады. Алматы облысынан Сенат депутаттығына кандидат ретінде 7 адам ұсынылып, барлық талапқа сай деп танылған 3 кандидат тіркелді.

Тимур Дәуітов, Алматы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
Жалпы бізде 359 депутат, облыстық мәслихатта бір вакант бар. Сол депутаттарды Талдықорғанға шақырып, сайлау ұйымдастырамыз.

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері көшпелі отырыс барысында жастармен кездесіп, Жетісу тұрғындарымен де ой бөлісті. Президент Жолдауында Парламенттің қос палатасы және жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау туралы заңнамаларға енгізілетін өзгерістерді талқылады. Бұған дейін 8 аймақты аралаған комиссия мүшелері Алматы облысында былтыр сайланған ауыл әкімдерімен де кездесу өткізіп, жұмыс барысын пысықтады.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу