1010 елдімекенде су тасу қаупі бар
1010 елдімекенде су тасуы мүмкін. Төтенше жағдай министрі Үкімет басшысына қазіргі жағдайды баяндады. 227 ауыл қауіпті аймақта тұр.
Нысаналы Ығыл, тілші:
Қарапайым үш қағиданы сақтамаудың арты үлкен салдарға соқтыруы мүмкін. Яғни, қарды уақытылы шығармау, тазартылмаған арықтар мен еріген су қатерді күшейтіп отыр. Министр 1010 елдімекеннің жағдайы мәз еместігін, оның ішінде 285 ауылда су басу қаупі сақталып отырғанын айтты. Биыл қар қалың. Қар жамылғысының ауданы 47%-ға жетіпті. Содан жылынудың алғашқы толқынында Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында автомобиль жолдарының 3 учаскесін су шайып кетті. Әсіресе, Атырау өңіріндегі Ноғайты өзені арнасынан асып бір тәулікте 2 рет тасыды. Екпіні қатты қызыл су 8 мың халқы бар Сағыз ауылындағы сай-саланы түгелдей дерлік басып қалды. Басқа облыстарда жылынудан жапа шегіп, қар астында қалып жатыр. Премьер-министр Әлихан Смайылов су тасқынының алдын алу бойынша жол картасын іске асыруды жеделдетіп, шағымдарға жедел әрекет етуді тапсырды.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03