Су тасқыны: Өзен жағасындағы 285 ауылда қауіп сейілмей тұр
Екі жүзге жуық ауыл көктемгі су тасқыны қаупіне дайын болмай шықты. Екі мыңдай елді мекенге мониторинг жүргізген Төтенше Жағдайдар қызметі әкімдерге ескерту жасаған. Нәтижесінде 47 ауылда қауіп сейілді. Ескертуді елемей, олқылықтарға жол бергендер жауапкершілікке тартылады. Сала министрінің сөзінше тасқын қаупі бар 340 ауыл алдын алу жұмыстарынан кейін бұл тізімнен алынып тасталған. 385 елдімекенге төніп тұрған қауіп барынша азайтылды. Ал, өзен бойында орналасқан 285 ауылда әлі де қауіп-қатер сейілмей тұр. Қазір ел аумағында өзендердегі мұзды жару мен бөгеттер салу қызу жүріп жатыр.
Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
9 өңірдегі 49 елді мекеннің көшелері мен аула маңындағы аумақтардан 234 мың текше метрден астам еріген қар суы сорылды. Елді мекендерден 10 млн. текше метрден астам қар шығарылды. 4 мың шақырым канал мен 7 мың шақырымға жуық арық, 20 мыңнан астам автомобиль және 3 мың темір жол су өткізу құрылыстары тазартылды.
Сәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12
Франция мен Испанияда 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 10:11
Атырауда екі дәрігерлік амбулатория ашылады
27.07.2026, 10:08
Түркияда үйлерді су басты
27.07.2026, 10:05
Дональд Трамп пен Си Цзиньпин кездеседі
27.07.2026, 10:03
Қазақстан мен Татарстан арасындағы тауар айналымы 946 миллион долларға жетті
27.07.2026, 10:02
Қазақстан – Ресей: Логистиканың жаңа кезеңі
27.07.2026, 10:00
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07