Украина мен Ресей арасындағы келіссөз жұма күні жалғасуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина мен Ресей арасындағы келіссөз жұма күні жалғасуы мүмкін

31.03.2022

Украина аумағында әскери қақтығыс жалғасып жатыр. Ресей әскері Черниговта операциясын доғаруға уәде бергенімен, жергілікті биліктің мәлімдеуінше, шабуыл тоқтаған жоқ. Түні бойы жасалған әуе соққысынан тұрғын үйлер, инфрақұрылым, сауда орталықтары мен кітапхана ғимараттары қираған. Ресей күштерінен азат етілген Ирпень қаласында да ұрыс жалғасып жатыр. Дегенмен Мәскеу азаматтық нысандарға оқ атқанын жоққа шығарды. Cонымен бірге Ресейдің Қорғаныс министрлігі таңертең Мариупольде «тыныштық режимін» жариялайтынын мәлімдеді.

Тұрғындар Запорожье арқылы эвакуацияланбақ. Украина Қарулы күштері бас штабының мәлімдеуінше, Ресей өз бақылауындағы Херсонды «Халық Республикасы» деп жариялау үшін референдум өткізуге дайындалып жатыр. Мәскеу бұған қатысты түсініктеме берген жоқ. Ал Украина мен Ресей арасындағы қақтығысты аяқтауға бағытталған келіссөз жұма күні жалғасуы мүмкін. 

Хабарламаларға жазылу