Бүгін мемлекет басшысы қаржы-экономикалық мәселелер жөнінде кеңес өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі геосаяси жағдайдың экономикамызға кері әсер етіп жатқанын айтты. Сондықтан мемлекеттік органдар үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі қажет, - деді Президент. Жиында Премьер-Министр Әлихан Смайылов экономиканың қазіргі жағдайы мен оның дамуына қатысты болжамдар туралы баяндады. Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясаты жөнінде есеп берді. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев республикалық бюджеттің кіріс-шығыстары жайында айтты. Көктемгі егіс науқанына дайындық, экспорт саясатын дамыту, инвестиция тарту және көлік логистикасын жетілдіру, әрі халықтың табысын арттыру бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері де талқыланды.
Досжан Маратұлы