Түркістанда 100-ге жуық тұрғын сатып алған үйіне кіре алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда 100-ге жуық тұрғын сатып алған үйіне кіре алмай жүр

29.03.2022

Түркістан қаласында 100-ге жуық тұрғын төрт ай бұрын сатып алған баспаналарына кіре алмай жүр. Айтуларынша тұрғын үйлер газ бен суға қосылмаған. Аулалары да абаттандырылмаған. Соған қарамастан қала басшылығы жаңа үйлерді қабылдап, банк арқылы сатып жіберген. Ал, құрылыс жұмыстарын жүргізген компания өкілдері үйлердің есігін құлыптап, ешкімді кіргізбей қойған. 

Досжан Бибатыров, қала тұрғыны:
Ипотеканы төлеп жатырмыз. Мен өзім жеке басым 146 мың теңге төлеймін, квартирада тұрамын. Төрт бала-шағам бар.

Қала басшылығы болса дайын емес үйлерді неге сатылымға шығарғанын түсіндіріп айта алмады. Тұрғын үйлерге көгілдір отын мен судың қашан берілетінін де дөп басып айта алмады. 

Жандос Тасов,  қала әкімінің орынбасары:
Үйдің сыртынан жалғанатын коммуникациялар бар. Ол коммуникациялар облыстық басқармалар тарапынан салынған. Қазіргі таңда міне өкілі келіп тұр. Сол жауап береді.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу