Өскеменде 100-ге жуық отбасы үйлеріне кіре алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде 100-ге жуық отбасы үйлеріне кіре алмай жүр

20.10.2021

Өскеменде 100-ге тарта отбасы баспаналарына кіре алмай жүр. Мемлекеттік бағдарламамен салынған көпқабатты үй инженерлік желіге қосылмаған. Баспана ипотекалық несиеге берілген. Пәтер жалдап әрі банкке несие төлеп шаршаған көпшілік қысқа дейін жаңа үйге көшкендерін қалайды. Алайда жөндеу жұмыстары уақытылы жүргізілмей жатқандықтан тұрғындарды үйдің сапасы алаңдатады.

Дамир Қалижанов, компания директорының техникалық мәселелер жөніндегі орынбасары: 
Ккемшіліктер бар. Бірақ бұл проблема емес. Кейбір жерге шеге қағылмаған, кейбір әйнектерде жарық бар. Шыны ауыстыру оңай.  Екі апта ішінде толық аяқтаймыз.


Хабарламаларға жазылу