Елдің Бас Прокуратурасы Ресей мен Украина қақтығысына қатысты үндеу жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдің Бас Прокуратурасы Ресей мен Украина қақтығысына қатысты үндеу жариялады

28.03.2022

Елдің Бас Прокуратурасы Ресей мен Украина қақтығысына қатысты үндеу жариялады. Үндеу "екі тараптың да азаматтарының ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау белгілері бар, қасақана арандатушылықтан" абай болуға шақырады. Биылғы ақпан айынан бастап ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде, Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа қатысты материалдар белсенді жарияланып келеді. Олардың арасында шындыққа жанаспайтын ақпарат да жетерлік. Тіпті кейбір азаматтар өзге елде болып жатқан оқиғаларға түсіндірме беруге көшкен. Мұндай әрекеттерге Қазақстан Конституциясымен және халықаралық-құқықтық құжаттармен тыйым салынған. Заңдылықты қадағалау органы арандатушылық сөздер мен шақыруларға берілмеуге үндейді. Ұлттық алауыздықты қоздыратын жалған ақпарат таратқаны үшін 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.  

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу