Алтайдан Астанаға шашу - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алтайдан Астанаға шашу

07.07.2014
Алтайдан Астанаға шашу

Астана – барша қазақтың айбын-абыройы. Сондықтан, мерекені тойлауға жырақта жүрген қандастарымыз да үн қосуда. Ресейдің Алтай өлкесі, Қосағаш ауданынан келген өнерпаздар елордалықтарға арнап мерекелік концерт қойды.

Салт-дәстүрін берік ұстанып, ұлттық өнерін өркендеткен бауырларымыз әннен шашу шашып, халық билерін орындады. Осылайша, шетте жүрсе де, ұлттық құндылықтарды ерекше қастерлейтіндерін көрсетті.

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу