Елордалықтарға ерекше сый - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалықтарға ерекше сый

28.06.2014
Елордалықтарға ерекше сый
Елорданың 16 жылдығына орай астаналық көрермендерге Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының «Ақжарма» фольклорлық-этнографиялық ансамблі тарту жасамақшы. 22 жылдық тарихы бар ансамбльдің 20-ға жуық мүшесі бар.
 
Өнерпаздар Астана жұртшылығына 20-дан аса ән-жыр ұсынады. Олардың ішінде Естайдың бұрын-соңды аспапта ойналмаған «Кербез ерік», «Терісқақпай» сынды күйлері бар. Қазір шығармашылық ұжым соңғы дайындық жұмыстарын тағы бір пысықтауда.
 
Нұрболат Мұсағалиев, М.Өскінбаев атындағы облыстық филармония директорының орынбасары:
Біз жылына үш реттен барып, Астанаға өзіміздің өнерімізді шашу қылып тартып келеміз. Биыл да, сол Астана күніне жүргелі отырмыз. Өзіміздің сол шашуымызбен Астанаға Маңғыстаудың күйлерін, әндерін, жыр-термелерін алып бара жатырмыз.
 
 
Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу