Ресей Қазақстанмен құрлық шекарасындағы шектеулерді алып тастамақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей Қазақстанмен құрлық шекарасындағы шектеулерді алып тастамақ

24.03.2022

30 наурыздан бастап Ресей Қазақстанмен құрлық шекарасындағы шектеулерді алып тастамақ. Мұндай шешімді короновирус инфекциясы таралуының алдын-алу жөніндегі жеделштаб қабылдаған. Ресей билігінің ресми телеграм парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес құрлық шекарасы арқылы барыс-келіс қайта қалпына келеді. Бұған дейін құрлықтағы өткізу пунктерінен белгілі категориядағы азаматтар ғана өтіп келген. Енді жалпыға ортақ мұндай шектеулер алынып тасталмақ.  

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу