Ұлыбританияда коронавирусқа қарсы шектеулер алынып тасталады
Ұлыбритания үкіметі карантиндік шектеулерді толығымен алып тастамақ. Бұл жоспар «Ковидпен өмір сүр» деп аталады. Вирус екпе алмаған азаматтар үшін қауіпті болып қала бермек. Ал нәтижелі вакцинациядан кейін бүкіл шектеулер жойылады. Бұдан былай оқушылар мен мұғалімдер аптасына екі рет ковид-тест тапсыруға міндетті емес. Індетке шалдыққандар үйде оқшаулануға міндеттелмейді. Ковид жұқтырған табысы төмен азаматтарға төленіп келген 500 фунт жәрдемақы да енді берілмейді. Тегін таратылып келген экспресс антиген тесттер ақылы болмақ. Британдықтар алдағы көктемде төртінші екпені салдыра бастайды.
Борис Джонсон, Ұлыбритания премьер-министрі:
Пандемия басталған кезде вирус туралы біліміміз аз болды. Вакциналар мен емдеу жолдары туралы да хабарымыз болмады. Адам өмірін сақтап қалу үшін және ұлттық денсаулық сақтау қызметіне салмақ түсірмес үшін карантиндік шектеулерге бардық. Енді міне оларды толығымен тоқтататын кез келді.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Отбасы банк» салымшыларының саны 100 мыңнан асты
08.12.2025, 20:56
Оңтүстік-Шығыс Азияның екі елі қайта қақтығысты
08.12.2025, 20:53
Әлем жаңалықтарына шолу
08.12.2025, 20:52
Н.Төреғалиев: Ең арзан сиыр еті – Батыс Қазақстанда
08.12.2025, 20:45
Аягөздегі алыс ауылдардың мәселесі шешілді
08.12.2025, 20:41
ЛГБТ насихатын шектеу ұлттық құндылықтарды қорғайды
08.12.2025, 20:31
«Қайрат» пен «Олимпиакос» матчын Ұлттық арна тікелей эфирде көрсетеді
08.12.2025, 20:25
Стоматологиядағы бала өлімі: Анестезиологтан жауап алынды
08.12.2025, 20:14