Ұлыбританияда қымбатшылықтың кесірінен халықтың күнкөрісі қиындап барады
Ұлыбританияда қымбатшылықтың кесірінен халықтың күнкөрісі қиындап барады. Күнделікті тұтынатын заттардан бастап, жанармайдың бағасына дейін шарықтап кеткен. Үкімет жағдайын оңалту үшін күн көрісі нашар азаматтарды салықтан босатпақ. Лондондағы тілшіміз Марина Бекенова тарқатады.
Марина Бекенова, тілші:
Егер бұған дейін бағаның шарықтауына пандемия себепші болса, енді Украинадағы жағдай күнкөрісті қиындатып барады. Соңғы уақытта жанармайдың, жарықтың және ең қажет деген тауарлардың құны 6,2 пайызға қымбаттады. Өткен айда газдың бағасы алдыңғы жылмен салыстырғанда үш есеге дейін өссе, электр энергиясының құны жиырма пайызға артты. Ал жалақы сол баяғыша. Мұндай жағдай Ұлыбританияда соңғы отыз жылда болмаған. Мәселені шешу үшін үкіметтегілер салық көлемін азайтуға мәжбүр.
Риши Сунак, Ұлыбритания қаржы министрі:
Осы жылдың шілде айынан бастап, күнкөріс деңгейі төмен азаматтар табыс және ұлттық сақтандыру салығынан босатылады. Ал жалақысы жоғарылардың табыс салығының базалық мөлшерлемесі 20 пайыздан 19 пайызға түседі. Сонымен қатар жанармайға салынатын баж салығы 5 пенске төмендейді.
Бюджеттік жауапкершілік басқармасының пайымдауынша, бұл бастамалардың игілігін бірінші кезекте қалталылар көретінге ұқсайды. Ал тұрмысы нашар отбасылар одан бетер кедейлене түспек. Кейбір сарапшылар жәрдемақы көлемін арттырса ғана жағдай түзелуі мүмкін дейді.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қостанайда құны 14 млрд теңгеден асатын технологиялық өндірістік кешен ашылады
16.08.2026, 19:56
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08