НАТО лидерлері Ресейдің Украинаға басып кіруіне қарсы кезекті қадамдарын талқылау мақсатында Брюссельдегі саммитте бас қосты.
Солтүстік атлантикалық одақ осы жиында альянс күштерін Венгрия, Словакия, Болгария мен Румынияға жіберуді құптамақ. Бұған қоса, НАТО Киевке кезекті көмек легін жіберуге уағдаласуы мүмкін. Басты назар Украинаны химиялық, биологиялық және ядролық қаруды қолдану арқылы жасалатын шабуылдардан қорғауға бөлінбек. Айта кету керек, НАТО саммитінен кейін бүгін Брюссельде "Үлкен жетілік" пен Еуропалық Одақ басшыларының жоғары деңгейдегі кездесулері өтеді. Бұл жиындарда Украинадағы әскери жанжал талқыланады. АҚШ президенті Джо Байден алғаш рет ЕуроОдақ саммитіне қатысып, Ресейге қарсы жаңа санкциялар жарияламақ.
Арай Төлеген