Каспий құбыры консорциумының құбыр жүйесіне зақым келуі Қазақстан үшін қалай әсер етеді?
Каспий құбыры консорциумының құбыр жүйесінен шыққан ақауға байланысты қара алтын тасымалы уақытша тоқтатылды. Қазір осы жағдайға байланысты Энергетика министрлігі мұнайды сыртқа шығарудың өзге тәсілдерін іздеп жатыр. Меншікті тілшіміз Жандос Темірғали тікелей байланыста жағдайды баяндайды.
Жандос Темірғали, тілші:
Апатқа Қара теңізде болған дүлей дауыл себеп. Екпіні секундына 35 метрге дейін жеткен күшті желдің салдарынан Каспий құбыр консорциумының Новороссийск түбінде орналасқан екі бірдей мұнай құятын станция істен шықты. Нақтырақ айтсам, танкердегі үшінші жабдықтың тірегі орнынан жылжып, екінші жабдық қоса зақымданған. Енді жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, мұнай тасымалы уақытша тоқтатылды.
Асылбек Жакиев, «PETROCOUNCIL.KZ» жанындағы стратегиялық әріптестікті дамыту кеңесінің төрағасы:
Бір айдың ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Жалпы КТК мамандары қосалқы бөлшектер бәрі барын айтты. Бір айдың ішінде жөндеуге болады. Қазақстанға қандай қиыншылығы бар. Біріншіден барлық 80 мұнайдың экспорты сол КТК қоры арқылы батыс мұнайға барып жатыр.
Жандос Темірғали, тілші:
Осы апаттың салдарынан қара алтын тасымалы үш есеге төмендеуі мүмкін. Өйткені аталған құбырмен 80 процент мұнай шетелге экспортталады. Жалпы былтыр Каспий құбыры концорциумы арқылы 60,7 млн тонна мұнай сатылған. Оның 53 млн-ы Қазақстанға тиесілі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27