Үкімет басшысы: Әлеуметтік маңызы бар тауарларға 15% үстеме баға сақталуы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы: Әлеуметтік маңызы бар тауарларға 15% үстеме баға сақталуы тиіс

19.03.2022

Үкімет басшысы әлеуметтік маңызы бар тауарларға 15 пайыз үстеме бағаны сақтауды тапсырды. Және бақылауды күшейту қажет. Бұл туралы Әлихан Смайылов әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі, жедел іс-қимыл жоспарын орындау бойынша кезекті кеңесте айтты. Бағаны негізсіз көтеру бойынша өткен аптада елімізде 5 мың факті анықталған. Қазір тапшылық пен қымбатшылықты болдырмау үшін, аймақтарда тұрақтандыру қорларын жасақтау жүріп жатыр. Жиында айтылғандай, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 8 пайызға өскен. Өткен аптада бағаның ең жоғары өсуі Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар және Атырау облыстарында тіркелді. Үкімет басшысы осы жағдайға байланысты аймақ әкімдеріне ескерту жасады. Кеңесте импорт алмастыруды дамыту мәселесі де қаралды. Қазір облыстар мен Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының әкімдіктері өңдеу өнеркәсібі бойынша инвестициялық жобалар пулын жасақтады. Тізімде 13 трлн теңгеден астам қаржы болатын 444 импорт алмастыру жобасы бар.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу