Таразда 10 қару мен 600-ден астам оқ табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда 10 қару мен 600-ден астам оқ табылды

13.05.2022

Тараздан тағы қару-жарақ табылды. Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері 10 дана қару мен 600-ден астам оқ тәркіледі.

Айта кету керек аймақта полиция департаменті қызметкерлері қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ұрланған қаруларды іздестіру жұмыстарын күн сайын жүргізіп отыр. Нәтижесінде облыс орталығы аумағында жасырылған «Калашников» автоматы, мылтық және тапаншаларды анықтады. Бұдан бөлек граната, оқ-дәрілер мен полицейлердің сауыт-саймандары тәркіленген. Аталған қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Ал облыстық полиция департаменті қаруды өз еркімен тапсырғандар өзге қылмыстарға қатысы болмаса, жауапкершілікке тартылмайтынын ескертеді.


Хабарламаларға жазылу