Президенттің батыл позициясы арандатушыларға тосқауыл болды - депутат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттің батыл позициясы арандатушыларға тосқауыл болды - депутат

15.03.2022

Қаңтар оқиғасы кезінде Президенттің батыл шешімдері бұзақылардың теріс пиғылын іске асыруға мүмкіндік бермеді. Кеше өткен Мәжілістің жалпы отырысында депутат Еділ Жаңбыршин осындай пікір білдірді. Жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлікшілер күтпеген қадамдарға барды. Орасан шығын келді. Президенттің табанды позициясы болмағанда жағдайдың қалай өрбитіні белгісіз еді, дейді депутат. Оның айтуынша, біз өткеннен сабақ алуымыз керек. Еліміз жаңа бағытқа бет бұрды. Бұл ретте Мемлекет басшысының ұстанымы мен айқын көзқарасын қолдай білуіміз керек.

Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Шынында да елде ауыр жағдай орын алды. Билік қыл үстінде тұрды. Алайда, Қасым-Жомарт Кемелұлының табанды позициясы, өткір шешімдері және Қазақстан халқына қайта-қайта жасаған үндеулері көңілге сенім ұялатып, қаскөйлердің арам ойларын іске асыруға мүмкіндік бермеді. Мемлекетті хаосқа жібермеген басшыны көзі ашық, көңілі ояу адам бағалай білуі керек.


Хабарламаларға жазылу