Украинадан эвакуациялау: 89 қазақстандық мінген бесінші ұшақ Катовицеден ұшып шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинадан эвакуациялау: 89 қазақстандық мінген бесінші ұшақ Катовицеден ұшып шықты

15.03.2022

Польшаның Катовице қаласынан Қазақстан азаматтарын тасымалдайтын бесінші рейс ұшып шықты. Елорда уақыты бойынша сағат 8:50-де көкке көтерілген ұшақ Алматы қаласына келіп қонады деп жоспарланған. Бортта Украинадан эвакуацияланған 89 жолаушы бар. Бір күн бұрын әуе кемесі Қазақстаннан Украинаға гуманитарлық көмектің бірінші партиясын жеткізген болатын.  

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу